• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Футбол 12 Қаңтар, 2021

Гадея әлемнің ең үздік футзалшысы атағынан үміткер

227 рет
көрсетілді

Футзалдан Алматының «Қайратында» өнер көрсетіп жүрген бразилиялық легионер Гадея 2020 жылдың қорытындысы бойынша әлемнің үздік ойыншысы атануы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz

«Қайраттың» сапында ойнап жүргеніне аса көп уақыт болмаса да айтулы шабуылшы өрелі өнерімен көзге түсіп, бірден жергілікті жанкүйерлердің жүрегін жаулады. Ол талай маңызды матчтарда алматылық команданы алға жетелеп, шешуші тұста серке ойыншыға тән мінез көрсетті. Нәтижелі пастар да берді, әдемі голдар да соқты. Бұған дейін Гадея Испанияның «Интер-Мовистар» клубының намысын қорғаған еді. Сондай-ақ 2020 жылдың қорытындысы бойынша әлемнің ең үздік футзалшысы атануға мына ойыншылар үмітті: Леандро Куццолино (Аргентина), Дейвес Мораеш (Бразилия), Феррао (Бразилия), Бабалу (Италия), Артем Ниязов (Ресей), Пито (Бразилия), Родриго (Бразилия), Серхио Лозано (Испания) және Хоссейн Тайеби (Иран),