• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Оқиға 12 Қаңтар, 2021

Бесағаштағы тұрғын үй өртенді

2194 рет
көрсетілді

Бүгін кешке Алматы облысы, Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы «Нұрия» тұрғын үй кешенінен өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматы облыстық Төтеше жағдайлар департаментінің өкілі: «12 қаңтар күні кешкі сағат 17:57-де Алматы облысының «101» пультіне Талғар ауданы, Бесағаш ауылы «Думан» шағынауданындағы «Нұрия» тұрғын үй кешенінен өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына Алматы облысының ТЖД жеке құрамының 16 маманы мен 6 өрт сөндіру техникасы және Алматы қаласының ТЖД 10 қызметкері мен 2 техникасы аттанды», деп мәлімдеді.

Бұдан басқа, төтенше жағдай қызметкерлері оқиға орнына жеткенше өрт толықтай сөндірілген. Белгілі болғандай жаңадан салынған тұрғын үй кешенінің тек сыртқы қабаты өртенген. Бұл үйде ешкім тұрмайды. Зардап шеккендер жоқ.