• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Әдебиет 13 Қаңтар, 2021

Happy birthday to you, Лондон!

300 рет
көрсетілді

Бірде «Сан-Франциско дауысы» газетінде он жеті жастағы бейтаныс автордың «Жапон жағалауындағы Тайфун» атты очеркі басылады. Оқырман қауымды елең еткізген бұл туынды әйгілі Джек Лондонның дебюті болатын. Күні кеше – 12 қаңтарда талантты жазушының туғанына 145 жыл толды.

Қырық жасында бауыр ауруынан өмірден өткен ол аз ғұмыр кешсе де әлемдік әдебиетке көп мұра қалдырды. Лондон қаламынан көркемдік деңгейі биік роман, повес­тер мен әңгіме, очерк­тер туды. Ол өмірде бәрін көр­­ді: қаң­ғы­бастық, теңіз қарақ­­шылығы, контрабанда, ал­тын іздеу, сәтті қоғамдық қыз­мет және социалистік мұрат­тары үшін күрес.

Алайда Лондон тарихта біртуар романист һәм ше­бер әңгімеші қалпымен ғана қалды. Оның дүниеден озға­нына ғасырдан асты: шетелде әлі күнге дейін оқылады. Қазақ оқырмандарына да таңсық емес. Дегенмен шығармалары қазақ тіліне толық аударылған жоқ.

Ал Жүсіпбек Аймауытов автордың «Телегей теңіз, ат­та­ныс» шығармасын 1926 жы­лы «Жаңа мектеп» журна­лы­на (4,5 сандары) алғаш­қы­лардың бірі болып ауда­рып, жариялаған. Бала күні­нен те­ңізде өскен жазу­шының қа­ламынан туған туын­ды­лардың барлығы дер­лік теңіз айналасындағы тұр­мыс-тір­шілікке толы.

Лондон шығармашылығы­ның биігі – «Мартин Иден» (1909, қазақ тілінде – 1968) роман-биографиясында ав­тор­дың өзіндік тұлғасы, қо­ғам мен қоршаған ортаны тануы, сөз өнері жөніндегі ойлары жазылады. Кейіннен Лондон шы­ғар­маларын Мұх­тар Әуезов, М.Дәулет­баев, Б.Ома­ров, т.б. қа­ламгер­лер ауда­рыпты. Әуезов­тің «Көк­серек» повесінен ка­надалық жазушы Эрнест Се­тон-Томп­сонның «Виннипег қас­қыры» мен Лондонның «Ақ азу» атты шығармаларының әсері байқалады деседі. Бұл Лондон творчествосының қазақ классикасына белгілі бір деңгейде ықпал еткенін көрсетеді.