• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Қаңтар, 2021

Павлодарлық құтқарушылар өткен тәулікте 13 адамды эвакуациялады

125 рет
көрсетілді

12-13 қаңтар аралығында Департамент бөлімшелері авариялық-құтқару жұмыстарына 2 рет шықты, оның барысында қар құрсауынан 13 адам құтқарылды. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері барлығын жылыту пункттеріне көшірді.

Мәселен, 2021 жылғы 12 қаңтарда 23 сағат 5 минутта Павлодар облысы ТЖ департаментінің «112» пультіне Екібастұз ауданында, Шиқылдақ а/о, Қарағанды облысы бағытындағы 9 сорғы станциясының ауданында 2  автокөліктің қар құрсауында қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті. Шідерті кентін күзету бойынша № 14 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері қар құрсауынан 9 адамды құтқарып, 2 автокөлікті қар құрсауынан шығарып, одан әрі Шідерті кентінің «Саружан» қонақ үйіне орналастырылды.

2021 жылғы 12 қаңтарда 23 сағат 35 минутта Департаменттің «112» пультіне Екібастұз ауданы Төрткұдық а/о Босшакөл станциясының көпіріне жетпей, қар құрсауында техника тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті, ішінде 4 адам болды. № 14 өрт сөндіру бекетінің құтқарушыларымен қар құрсауынан 4 адам құтқарылды және Шідерті кентінің «Саружан» қонақ үйіне эвакуацияланды.

2021 жылғы 13 қаңтардағы жағдай бойынша облыстық және Республикалық маңызы бар жолдардың барлық учаскелері ашылды.

«Қазгидромет»  Павлодар филиалынан департаменттің кезекші-диспетчерлік қызметіне 1 дауылды ескерту келіп түсті, облыстың автомобиль жолдарында автокөліктің барлық түрлері үшін 4 рет қозғалыс жабылды. Облыс тұрғындарын құлақтандыру мақсатында ұялы байланыс операторларына 5 рет мәтіндік хабарлама жолданды, оның барысында 4 млн.218 мың 230 ұялы байланыс абоненті хабарланды, 5 рет «Дәрмен» қосымшасында ақпарат орналастырылды.

Өз кезегімізде, Павлодар облысы ТЖ департаменті азаматтардан дауылды ескерту алған кезде елді мекендерден шықпауды және құтқарушылардың ескертулерін ескеруді сұрайды.