• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Қаңтар, 2021

Атырауда 51 азамат не үшін бас бостандығынан айырылды?

333 рет
көрсетілді

Атырауда кәсіпкерлердің қызметіне заңсыз араласатындар әлі  де бар. Кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтірген 51 азамат бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Қанат Сүлейменовтің мәліметінше, былтыр өңірде жемқорлық деңгейі 9%-ға төмендепті. Оның ішінде ауыр қылмыс жасау 1,6 есеге, жымқыру және алаяқтық 2 есеге азайыпты. Сондай-ақ 11 бизнес субьектісінің құқығы қорғалып, 1 миллиардтан астам теңге бюджетке  қайтарылыпты.

«Соңғы екі жылда антикор қызметкерлерімен өңірде пара берген 480, кәсіпкерлікке заңсыз қол сұққан 713 дерек анықталды. Жемқорлықтың басым көпшілігі білім, ішкі істер, денсаулық саласында кездеседі» дейді Қанат Сүлейменов.