Бүгін Алматыда «Даму» Қоры аяқталған жылда кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламалары қалай жүргізілгендігіне қатысты БАҚ өкілдерімен кездесіп, журналистердің сауалдарына жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Даму» қоры 2020 жылы қаржы құралдарын қолдана отырып, Қазақстандағы микро, шағын және орта кәсіпкерлердің (МШОК) несие сомасы 1,6 трлн теңге болатын 32,5 мың жобасына қолдау көрсеткен. Егер 2019 жылы осындай уақыт ішінде Қор несие сомасы 612,0 млрд теңге болатын 24,3 мың жобаға қолдау көрсеткенін ескерсек, «Даму» Қоры МШОК-ке көрсеткен қолдаудың несие қоржынының мөлшерін 2,6 есеге ұлғайтқанын атап өтуге болады.
– Қай жпғынан болса да күрделі болған 2020 жылды қорытындылай келе, ең алдымен, кәсіпкерлер тарапынан үкіметтік қолдауларға сұраныс жоғары екендігін айтқым келеді. Бұған – қайта қаржыландыру және айналым қаражатын толықтыруға қолдау алған жобалардың айтарлықтай өскені дәлел. Қор COVID-19 пандемиясы кезінде неғұрлым зардап шеккен экономика салаларындағы кәсіпкерлерге субсидияны дер кезінде жеткізу үшін жаңа бағдарламаларды іске қосып, қолдау аясын кеңейтіп, өз міндетін ойдағыдай атқарып шықты. «Даму» Қоры өз қызметтерінің автоматтандырылғанының арқасында республиканың бірде-бір өңірінде жұмысын бір күнге де тоқтатқан жоқ», – деді «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрайымы Гаухар Бурибаева.
Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауы және Қазақстан Үкіметі бекіткен «Дағдарысқа қарсы шаралар пакетін іске асыру және экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды» жүзеге асыруда экономиканың неғұрлым зардап шеккен секторларындағы кәсіпкерлерге «Даму» Қоры арқылы жалпы несие сомасы 426,8 млрд теңге болатын 8,4 мың жобаның несиесін субсидиялаудың арқасында пайызы жылына 6%-ға төмендетілді. Бұл субсидиялар сомасы 16,8млрд теңгені құрайды. Сондай-ақ, COVID-19 пандемиясы кезінде Қор 7470 жобаны жалпы сомасы 663 млр теңге болатын кепілдік пен сыйақы мөлшерлемесін ішінара субсидиялау құралдары аясында қайта құрылымдады. Мұндай шаралар Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 26.03.2020 жылғы және 15.06.2020 жылғы бұйрықтарына сәйкес жүзеге асты. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігіне қарасты Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, 2020 жылғы 1 желтоқсанына дейін тіркелген кәсіпкерлер саны 1млн 613 мыңды құрады. Оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 1 млн 343 мың. Бұл 2020 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 0,6%-ға және 0,9%-ға артқанын көрсетеді. Бұл көрсеткіштер COVID-19 кезінде кәсіпкерлер саны азаймағанын байқатады. Жарияланған төтенше жағдай, эпидемияға қарсы және шектеу шаралары кезінде «Даму» Қоры өз қызметтеріне берілетін өтінімдердің 90%-ын online.damu.kz интернет-порталы және egov.kz арқылы электронды түрде қабылдады. «Даму» Қоры 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін өз қызметінің барлық кезеңінде Қазақстанның микро, шағын және орта кәсіпкерлігіне несие сомасы
«Даму» Қоры жоғарыда атап өткен, 6,9 трлн теңге болатын 112,7 мың жобаға қаржы құралдарын қолдана отырып қолдау көрсеткенін атап өту керек.