• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Медицина 14 Қаңтар, 2021

Жарақаттанудан абай болыңыз

426 рет
көрсетілді

Пандемия онлайн жұмыстың көкжиегін кеңейтті. Соның бірі – ZOOM платформасында тәжірибелі мамандар өткізетін дәрістер. Осындай кезекті дәріс «Травматологиялық қатерден сақтану және жарақаттанған жағдайда не істеу керек: тәжірибелі травмато­логтердің кеңесі» тақырыбында өтті.

Академик Н.Батпенов атын­дағы Трав­матология және ортопедия ұлттық ғы­лы­ми орта­лы­ғы №5 травматология бөлім­шесінің травматолог-ор­то­пед дәрігері Әнуарбек Кул­­­чаров дәріс уақытында көп­теген пайдалы кеңес берумен қатар, биылғы жағдайдың алдыңғы жылдардан ерекшелігіне тоқтал­ды. Бұрын көшеде тайып жы­ғы­лып, қол-аяқтарын сындырып немесе дененің өзге де жара­қа­тына ұшырайтындар көп бол­са, биыл адамдардың көбі үйін­де отырғандықтан, көшеден жа­ра­қат­тану азайған. Оның орнына күнделікті тұрмыста, тіпті кафелге тамған тамшыға тайып жығылып, сыныққа дауа іздеп келеді екен. Статистиканы сөйлетсе, тұ­рмыс­тық жарақаттанудың 2019 жылы саны 9 932 болса, 2020 жылы 10 485-ке өскен көрінеді.

Жарақат алғандарға тегін ме­ди­циналық көмектің кепілдік бе­рілген көлемі (ТМКК) аясында алғашқы медициналық көмек көр­сетіліп, жарақатты қарау, рентгенге түсіру, гипс салу, қажет болса операция жасалып, стационарға жатқызылғанда да пациенттен бір тиын алынбайды. Оңалту да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру паке­тінде (МӘМС) қарастырылғандықтан, меди­цина­лық көмек алушы қалта­сынан қа­ражат шықпайды.

Жарақаттанған жанға гипс са­лынғанымен, алғашқы 10-15 күн шамасында сол жер ісі­неді, күл­діреп, гипстің қажауы да мүм­кін. Сондайда тұрғылықты жері бойынша емха­наға барып трав­матолог дәрігерге жү­гіну керек. Маманға дер кезінде барса, қажетті көмек көрсетіліп, ушығып кетуге жол беріл­мейді.

«Негізінен жарақаттануды па­йызға ша­ғып айтар болсақ, оның дені жер тайғақ болатын қыс айларына тән. Осы ретте сырға­нақ тебу, шанамен сыр­ға­нау сияқты қысқы спорт түрле­рі­мен айналысқан уақытта аса мұ­қияттық қажет. Бұған қоса, жа­ра­­қаттанған жанның дәрігерге қа­рал­ғаны жөн. Өздігімен гипс сала­мын деп әуреленуге мүлде болмайды, қатты таңып жіберіп, мүлде ондайдың орны толмайтын өкінішке ұрындыруы да мүмкін. Елімізде жарақаттануға байланысты сапалы көмек жаңа технологияларды пайдалана отырып жүргізіледі. Пациенттер үшін қол­дан келген көмегімізді аянбаймыз», деді Әнуарбек Лесбайұлы.