Кеше, 13 қаңтарда «Қазгидромет» РМК Атырау облысының кей жерінде аздаған қар жауып, желдің ұйытқуы 25 м/с-қа дейін жететінін ескертті. Осыған орай Атырау қаласы мен аудандар әкімдігіне дауылды ескертуге байланысты қажетті шараларды қабылдау туралы ақпарат, ұялы байланыс операторлары арқылы халықты смс-хабарландыру жіберілген еді.
«Бүгін, 14 қаңтарда Атырау қаласында желдің ұйытқуы 18-19 м/с-қа жетіп, салдарынан дейін тұрғын үй шатырларының ұшты. Таңғы сағат 07:10-да Call-орталыққа «Нұрсая» шағын ауданында шатырдың құлау қаупі туралы хабарлама түсті. Құтқарушылар №84-ші үйдің 72 шаршы метр шатыры қайырылып, қалған бөлігінің құлағанын анықтады. Ал, сағат 08:22-де Азаттық даңғылындағы №77 үй шатырының құлау қаупі төнді», -деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.