УГ-157/1 мекемесі арнайы контигент арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысы бөлімінің бастығы Қаламқас Әшірханның айтуынша, тергеу изоляторындағы азаматтар үшін туыстары онлайн-дүкеннен тапсырыс бере алады.
«Мекемеде сотқа дейін уақытша ұсталып отырғандар мен жазасын өтеу үшін шаруашылық қызметіне қалдырылғандар бар. Енді олардың туыстары үйден шықпай-ақ, арнайы қосымша арқылы тауарларды таңдауына болады. Содан соң таңдаған тауарлардың тізімін мекемеге жібереді. Мекемемен келісім-шартқа отырған жеке кәсіпкер берілген тапсырысты қабылдайды. Ал тауар бірнеше сағаттың ішінде сотталған немесе күдікті ретінде отырған азаматтың қолына жетеді» дейді Қаламқас Әшірхан.