Атырау облысында азынай соққан желдің екпіні әлі басылған жоқ. Соның салдарынан Мақат ауданында үш мектептің төбе жабындысын ұшырып жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шатырсыз қалған білім ордасының үшеуі де Мақат ауданында орналасқан. Қатты жел осындағы саз мектебінің, О.Сарғұнанов және С.Шарипов атындағы білім ордаларының шатырын қаңбақша домалатты. Мұнда көп қабатты тұрғын үйдің де шатыры бүлінді.
Ал Индер ауданында екпіні атан түйені құлатар желден бүлінген кеңсе мен тұрғын үй бар. Индербор кентінің Д.Қонаев көшесінде орналасқан «Қазақтелеком» АҚ Индер аудандық бөлімшесінің кеңсесі, Қорғантау көшесіндегі тұрғын үйдің бірі шатырсыз қалды.