• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Қаңтар, 2021

Қостанай облысында «Nur Otan» партиясынан сайланған мәслихат депутаттарының тізімі бекітілді

178 рет
көрсетілді

«Nur Otan» партиясының Қостанай облысындағы филиалы 27 адамнан тұратын мәслихат депутаттарының тізімін бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы фракциясының құрамы 54,5%-ға жаңарды. Жаңа фракцияның алдында 5 жылға есептелген қалалық сайлауалды бағдарламаның орындалуын бақылау міндеті тұр. Депутаттардың құрамында өнеркәсіп, білім, спорт, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, БАҚ саласының өкілдері бар» - деп мәлімдеді партия филиалының баспасөз қызметі.

Облыстық мәслихатта барлығы 33 депутатқа орын бөлінген. Оның 27-сі «Nur Otan» партиясының өкілдері.

Қостанай облысы