• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Қаңтар, 2021

Қостанай облысында 417,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

135 рет
көрсетілді

Биыл Қостанай облысында тұрғын үй саясатын жүзеге асыруға бюджеттен 20,4 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен кеңес отырысында аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов мәлімдеді.

«Биыл облыста ел игілігіне берілетін тұрғын үй көрсеткішін 10%-ға арттыру міндеті тұр. Бірінші тоқсанда 93,5 мың шаршы метр баспана пайдалануға беріледі. Оның ішінде көп қабатты тұрғын үйлердің үлесі 64,7 мың шаршы метр болады», - деді облыс әкімі.

Кеңес барысында Қостанай, Рудный қалалары мен Қостанай ауданының әкімдері  халықты баспанамен қамтудың 2021 жылға арналған  жоспары туралы баяндады.

Жиын соңында аймақ басшысы тұрғын үй құрылысының қарқынын төмендетпеуді, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жетілдіру жұмысын жалғастыруды, сондай-ақ жоспарланған құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізуді және тұрғын үй нысандарын мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Қостанай облысы