• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Руханият 15 Қаңтар, 2021

Сарбаздар ант қабылдады

1268 рет
көрсетілді

Әрбір азамат үшін Отан алдындағы әскери борышын өтеу – абыройлы міндет. Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы атындағы 28 237 әскери бөліміне борышын өтеуге келген 200 сарбаз ант қабылдады.

Бұл Ант қабылдау рәсімі бұрын­ғыд­ан өзгеше өтті. Әлемде белең алған індеттің алдын алу мақсатында жас сарбаздардың ата-аналары ұл­да­рының ант қабылдау рәсімін әскери бөлімнің әлеуметтік желідегі парақшасынан тікелей эфирде тамашалады. Сарбаз болып сап түзеп, Отан алдында серт берген өрендерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары генерал-майор Ұларбек Абыкеев бастаған қонақтар құттықтап, ел тыныштығын күзету абыройлы іс екенін Отан қорғаушылардың жадына тағы бір салып өтті.

–  Әскери ант қабылдау – Отаныңа, халқыңа ақтық демің шыққанша адал болу, ел басына сын сағат төнсе, мойымай көтеру, қажет болса жан қию деген сөз. Ант – адалдық рухы. Халқымыз «Анттан аттағаны – ардан аттағаны» дейді. Яғни адамзат нормаларының қалыптасқан шегі ар болса, оны бұзу опасыздыққа жатады. Бүгін сайдың тасындай 200 сарбазымыз Әскери ант қабылдап, Отан қорғаушылардың қатарына қосылды. Осы уақыттан бастап оларға жүктелген міндет те зор. Өйткені Әскери ант – әскери өмірдің өзгермейтін заңы. Онда Отанды қорғаудың, оның ішінде халыққа және заңды сайланған Президентке адал қызмет етудің айқын белгілері бар. Әскери өмір қаншалықты қиын болғанымен, жарғымен белгіленген талаптарды орындау – парыз және қасиетті міндет. Сарбаздардың мін­дет – өзіне жүктелген міндетті абы­рой­мен орындау, – дейді 28 237 әске­ри бөлімінің командирі подполковник Данияр Қасымов.

Ант қабылдап, нағыз сарбаз атанған жас жауынгерлер алдағы уақытта Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының есімін ие­ленетін әскери бөлім жеке құ­ра­мының сапында республика кө­ле­міндегі азаматтық қорғаныс сала­сын­дағы төтенше жағдайлардың сал­дарын жою және апат болған жерлерде құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша түрлі міндеттерді орындайтын болады.

 

АЛМАТЫ