• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Қаңтар, 2021

ШҚО-да балықшы бас бостандығынан айырылуы мүмкін

243 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері үлкен көлемдегі балықты тиісті құжаттарсыз тасымалдаған Павлодар қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz

14 қаңтарда облыстық «Өскемен-Самар» тасжолының 60 шақырымында «ГАЗ» автокөлігі тоқтатылды.- Құжаттарды тексеру барысында Самар ауылынан Өскеменге бағыт алған 30 жастағы жүргізуші салмағы 565 кг «рипус» балығын тиісті рұқсат құжаттарынсыз әкетіп бара жатқаны анықталды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нәтижесіне қарай жауапкершілікке тартылады, деді облыстық Полиция департаментінің бастығы Сағат Мадиев.

Бұл «Өскемен-Алматы» тасжолында орын алған бірінші оқиға емес.Құқық қорғау мамандары балық ресурстарына, басқа да су жануарларына немесе өсімдіктерге зиян келтірген жағдайда, ҚК-нің 355-бабы бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін ескертеді.

Шығыс Қазақстан облысы