• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Қаңтар, 2021

Атырауда облыстық мәслихаттың хатшысы сайланды

565 рет
көрсетілді

Облыстық мәслихаттың І-ші сессиясында мәслихат хатшысы болып Әлібек Нәутиев сайланды. Ол осы кезге дейін облыс әкімінің орынбасары лауазымын атқарды, деп хабарлайды Egemen.kz

Сайлау қорытындысына сәйкес, VІІ шақырылымдағы облыстық мәслихатқа «Nur Оtan» партиясынан – 25, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясынан – 3, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан 3 депутат сайланды.

Биыл жергілікті мәслихат депутаттарының саны 134-тен 141-ге көбейді. Мәселен, облыстық мәслихат депутаттарының саны 27-ден 31-ге, ал, Атырау қалалық мәслихатының депутаттары 19-дан 24-ке, Жылыой аудандық мәслихатының депутаттары 15-ке жетті.

«Сайлауалды бағдарламаны орындау мен жаңа реформаларды жүзеге асыру міндеттері тұр. Тұрғындарды толғандыратын мәселелерді шешудің жүйелі жоспарын жасақтап, тиімді жолдарын табуымыз қажет. Сондықтан, депутаттарды ел игілігі үшін бірлесе қызмет етуге шақырамын», деді аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов.