• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Қаңтар, 2021

Атырауда жоғалған 3 адам аман-есен табылды

370 рет
көрсетілді

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек,  кеше, 14 қаңтарда 3 адамның жоғалу дерегі тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz

Жылыой ауданындағы «Есен-Аман» шаруа қожалығының екі қойшысы сағат 15:30 минут шамасында жоғалыпты. Оның бірі – Ақтөбе облысының тұрғыны, екіншісі – Өзбекстан Республикасының азаматы. Олар шаңды дауылда бағып жүрген 950 бас қой мен 1 бас жылқыдан айырылып , өздері адасып кеткен.

«Жоғалған адамдарды іздеуге департаменттің аудандық бөлімінен 4 қызметкер мен «Есен-Аман» шаруа қожалығынан 1 адам «ТРЭКОЛ» автокөлігімен шықты. Аудан орталығы – Құлсары қаласынан 70 шақырым қашықтағы «Шолтақай» учаскесіндегі мал қыстағынан радиусы 30 шақырымдық аумақта іздестіру жүргізілді. Соның нәтижесінде бүгін, 15 қаңтарда сағат 2:50-де «Казтрансойл» АҚ-на қарасты №3 мұнай айдау станциясына тартылған электр желісінің 306-бағанасының тұсынан жоғалған 2 азамат табылдыі», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Ал Қызылқоға ауданың бір тұрғыны «Даулет» шаруа қожалығынан Жангелдин ауылына баруды көздеп, жолға шығыпты. Алайда «УАЗ» көлігінің жанармайы таусылып, далада тұрып қалған. Діттеген жеріне жет алмаған азамат «Жамансай» учаскесінің маңынан табылды.