Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысының алдында фракциялардың жетекшілерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті Конституцияда бекітілген тәртіпке сәйкес Премьер-Министрдің лауазымына ұсынылатын кандидатураны депутаттық фракция жетекшілерімен ақылдасты.
Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісінің отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылап, атқарушы билік тармағының пандемия салдарынан болған жаһандық дағдарыс жағдайындағы іс-әрекетіне баға берді.
– Үкімет дағдарысқа қарсы жоспарды тиімді жүзеге асырды. Соның арқасында жұмыссыздықтың көбеюіне, халық табысының жаппай төмендеуіне жол берілмеді. Бұл шаралар тиімді болды, деді Қасым-Жомарт Тоқаев.