Петропавл қаласының бір тұрғыны 14 жыл бұрын сатып алған үйіндегі қойманы тазарту барысында оқтар тауып алғанын полицияға хабарлаған, деп жазады Egemen.kz
Санай кел үйден 990 патрон алынған. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-б.
«Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Патрондар алынып, сараптамаға жіберілді. «Алынған заттар монтаждау немесе «құрылыстық» деп аталатын патрондар болып табылады. Осы патрондардың оқ-дәрілерге жататындығын сараптама көрсетеді. Қалай айтсақ та, петропавлдық азамат дұрыс жасап, ол туралы полицияға хабарлағаны дұрыс болды», дейді Екінші ПБ бастығының орынбасары, полиция майоры Гүлмира Сағитова.