• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Қаңтар, 2021

Атырауда жедел жәрдем көліктері жаңарды

144 рет
көрсетілді

Атырауда облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы тағы 20 медициналық көлікпен толықты. Станса директоры Бауыржан Төлегеннің айтуынша, жаңа көліктер «ҚДБ – лизинг» есебінен алынып отыр.

«Жаңа автокөліктердің үшеуі аудандарға жіберіледі. Ал, 17 көлік Атырау қаласындағы  жедел жәрдем стансасына беріледі.  Қазір тәулігіне 700-750 шақырту түседі. Пандемия өршіген тұста қоңыраулар саны 1700-ге дейін жеткен еді» дейді Бауыржан Төлеген.

Қазір жедел жәрдем стансасында жаңа 66 жедел жәрдем медициналық көлігі бар. Оның ішінде 46 көлік өткен жылы алынды.

«Өңірде  COVID-такси жоқ. Оның орнына жедел жәрдем стансаның көлігі шақыруға барады. Жедел жәрдем көлігі шұғыл шақыртуға 12-13 минутта жетеді» дейді Бауыржан Төлеген.