• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Елорда 18 Қаңтар, 2021

Нұр-Сұлтанда жаңа емхана ашылады

586 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында Есіл ауданында биыл жаңғыртылған емхана ашылатынын, оның ғимарат жеке инвестиция есебінен салынатынын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

«Биыл елордада емхана ашылады. Емхана әдеттегі функционалдық міндеттеріне қоса, пандемия кезеңінің барлық талаптарына сәйкес келеді. Онда аймақтар "лас" және "таза" деп бөлінген; ішке айдау желдеткіш жүйесі, телемедицинаға арналған конференц-зал және т. б. орнатылған.

Жаңғыртылған емхана Есіл ауданында орналасқан. Бұған дейін ауданда тек №9 емхана болды. Басқа медициналық ұйымдардың болмауына байланысты №9 емханаға жүктеме шамадан тыс артылып келді.

Емхана толығымен жеке инвестициялар есебінен салынды. Қала тұрғындары үшін мемлекеттік тапсырысты орындаймыз.

Сонымен бірге, дамып келе жатқан ауданда орналасқан жекеменшік балабақшаға бардым. Бұл балабақша да жеке инвестиция тарту есебінен салынды. Жеке инвестиция тарту - нысандарды салу және толтыру кезінде қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, жеке капиталды басқа да бірқатар маңызды нысандардың құрылысына тартамыз. Бұл әлеуметтік, инфрақұрылымдық, өндірістік, логистикалық және басқа жобалар. Әрбір инвесторға – әкімшілік кедергілерді алып тастай отырып, ерекше көңіл бөлеміз», деп жазды қала әкімі.