• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Қаңтар, 2021

ХҒС Қазақстанның ғарыштан түсірілген фотосын жариялады

871 рет
көрсетілді

Халықаралық ғарыш станциясы Қазақстан жер аумағының ғарыштан түсірілген фотосын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz ХҒС ресми парақшасына сілтеме жасап.  

«Қазақстанның 264 мильден астам биіктіктен көрінісі», делінген фотосуреттің сипаттамасында. Кадрдан қаланың жарық шамдарын ғана байқауға болады.

Айта кетейік, Халықаралық ғарыш станциясы (ХҒС) - бұл көп мақсатты ғарыштық зерттеу құралы ретінде қолданылатын орбиталық станция; 1998 жылдан осы уақытқа дейін жұмыс істеп келеді.

ХҒС - бұл 14 ел: Ресей, АҚШ, Жапония, Канада және Еуропалық ғарыш агенттігінің мүшелері Бельгия, Германия, Дания, Испания, Италия, Нидерланды, Норвегия, Франция, Швейцария, Швеция қатысатын бірлескен халықаралық жоба.