• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Қаңтар, 2021

Қызылордада абақтыдағылар астау жасап жатыр

764 рет
көрсетілді

Бүгінде Қызылордадағы ЗК-169/5 мекемесінің өндірістік  аймағында 11 кәсіпкер жұмыс жасап, сотталғандарды жұмыспен қамтып отыр. Онда сотты болғандар кірпіш өндіріп, пластик терезелер, жалюзилер дайындайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жақында мекеменің өндірістік аймағынан тағы бір кәсіпорын  ашылды. Мұнда сотталғандар қолөнер бұйымдарын жасайды. Олар қазір ет салатын астау жасап жатыр.

Қазір сұранысқа ие болып тұрған астау жасауға қайың, терек пен үйеңкі ағашы керек екен. Бұйым сапасын жоғалтпас үшін жылқы майымен майлап отырған дұрыс дейді шеберлер.

Сотталғандар қолөнер бұйымдарын жасайтын өндіріс орнының ашылғанына қуанышты. Олар айлық жалақыларының да уақытылы төленетіндігін айтып отыр.