• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
13 Желтоқсан, 2013

Сұңқар ұлдар мен «Жас тұлпар»

502 рет
көрсетілді

Кемелденіп, кемеңгеріне бас иіп, сөзін жықпай, аузынан шыққанын құйындай іліп әкетіп, көбіміз құйғытып түгелге жуығын елге жеткізіп жүргенде, бұл тоқтық пен уайымның жоқтығы уақытша тірлік, ұлт жойылып, рух өліп тіл құрып кетпей тұрғанда жұртымызды ояталық, ұрпақтың санасына қазақы қалыпты сіңірелік деген бір шоғыр жас Мәскеудің қақ төрінде «Жас тұлпар» ұйымын құрғаны мәлім.

Кемелденіп, кемеңгеріне бас иіп, сөзін жықпай, аузынан шыққанын құйындай іліп әкетіп, көбіміз құйғытып түгелге жуығын елге жеткізіп жүргенде, бұл тоқтық пен уайымның жоқтығы уақытша тірлік, ұлт жойылып, рух өліп тіл құрып кетпей тұрғанда жұртымызды ояталық, ұрпақтың санасына қазақы қалыпты сіңірелік деген бір шоғыр жас Мәскеудің қақ төрінде «Жас тұлпар» ұйымын құрғаны мәлімОлардың бұл ісі жүректе көзі барларды ойландырып, ойсызға шаншу болып қадалғаны белгілі. Содан бері де 50 жыл өте шығыпты. Осы бір атаулы күнге орай, ұлт тәуелсіздігінің 22 жылдығы қарсаңында Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Жас тұлпар»: дәстүр сабақтастығы» деген тақырыпта халықаралық ғылыми конференция өтті. Бірден айтайық, бұл Мәскеу қаласында білім алып жүрген 1438 қазақ жасының тәуелсіздік үшін күресі ғана емес, жұртымыздың үлкен бір тарихи белесі. Бүгінгі жастарымыз мұны мақтанышпен айтып келер ұрпақ үлгі алып рухын оятып жатса, еш артықтығы жоқ. Алқалы жиын басталар алдында қатысушылар елордадағы «Жастар» шағын ауданы аумағындағы көне қорымнан таяуда ғана табылған хан Кененің ел тәуелсіздігі үшін жанын қиған 200 сарбазының рухына және Алаш арысы Смағұл Сәдуақасовтың аруағына тағзым етті. 

Айтулы бас қосуды университет ректоры, Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Ерлан Сыдықов ашып, профессор Диқан Қамзабекұлы жүргізіп отырды. Алғашқы баяндаманы ұлт зиялысы, әке аманатына қашанда адал, қозғалыстың көшбасшысы, мәдениеттанушы-ғалым Мұрат Әуезов жасады. Ол «Жас тұлпар» тәуелсіздіктің алтын арқауы деген әңгімені жан-жақты таратып, «халық жауының баласы» деген жамауға жалтақтамай үн қосқан Олжас Сүлейменов, Санжар Жандосов, Болат Жансүгіров, Мереке Майлин туралы айтып, кезінде қазақ жаста­рын осы ұйымға біріктіру жолында 47 жатақ­хананы аралап шыққанын, орталықта негізі қаланғаннан кейін қазақ топырағына келіп, жұмыстарын жалғастырғанын, жұртшы­­­­лықтың дұрыс қабылдағанын тілге тиек етті. Қазақстан Жазушылар одағында екі күнге жоспарланған жиын өткізгенін, екінші күні «Бүлікші, Алашорданың күшіктері өсіп, Кеңес өкіметін құлатпақшы» деген желеумен рұқсат берілмегенін, бірақ сол тұстағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы, әдебиет бірлестігінің төрағасы, бүгінгі көрнекті қоғам қайраткері, ғалым Мырзатай Жолдасбеков жауапкершілікті өз мойнына алып, жиынды білім ордасында жалғастырғанын, бес жүздей жастың түнгі он-он бірге дейін пікір алысып, қазақ әндерін әуелеткенін алға тартты. «Бұл Мырзатайдың үлкен ерлігі, ұлт руханиятын терең түсінетіндігін көрсетті» деген ол өзінің замандастарын мақтаныш ететінін, солардың үлкен ісі Астанадағы ұлттық мұражайдан орын алса деген тілегін де жеткізді. «Біз ол кезде 20 жаста едік. Әрине, мықтымыз деуден аулақпын. Дегенмен, жасалған барлық жағ­дайға мәз болып отыра бермей, бір ұлт, бір тіл деген идеяның астарында қазақ жойылып кетіп жүрмей ме деген ойды алға оздырып, сондай бір ұйым құрғанымыз ақиқат. Иә, ол кезде біз үлгі алатын алдыңғы буын аз еді. Тек Алаш идеясына сүйендік. Ендігі жерде кейінгі жастарға Елбасы айтқан ұлт тәуелсіздігін, отаншылдық сезімді бекіту жайын дөңгелек үстел басында отырып пікір алыссақ олардың ой-саналарына соны сіңірер едік. Біз қазір жойып жіберген Алаш арыстарымен диалог құра алмағанымызға кейде өкінетініміз бар. Кейінгі ұрпақ жастұлпарлықтармен неге жүздеспедік екен деп, бір замандары айтпас үшін осындай қадамға барсақ ұтылмасымыз анық» деді. Профессор С.Негимов «Жас тұлпар» және ұлт тәуелсіздігі» деген тақырыпта ой өрбітсе, С.Жүсіп «Алаш автономиясы: жаңаша тұжырымдама» бойынша сөз қозғады. Денсаулық сақтау саласының ардагері Г.Бейбітова «Жас тұлпар» ұйымына ұқсап бағу ниетімен Ақмолада «Оян, қазақ!» деп бірлестік ұйымдастырғандарын жеткізіп, сол кездегі ұлт өкілдерінің көрген қиындықтарын толқи тұрып алға тартты. «Бізді кейбір құқық қорғау органдары сұраққа алғанда айтқан жауабымыз: Үкіметке қарсы емеспіз, Конституциялық құқымызды қорғай отырып, ұлттық қалпымыздан адасып қалмау ниетінде ғана осындай қадамға барып отырмыз дедік», деп сол тұстағы кейбір өзге ұлт азаматтарының қазақтарға қысастығынан мысалдар келтірді. Тарих ғылымдарының докторы М.Сембин 1995 жылы бір алқалы жиында елдің бәрі орысша заулатып жатқанда Отанымыздағы Мажар елшісі Ю Торма қазақ тілінде сөйлегенін, ол «Жас тұлпар» туралы М.Қоңырдан естігенін, мұндай ұйымды Қытайдағы қазақ бауырлар Айтан Нүсіпханұлы бас болып «Жас күштер» бірлестігін құрғанын, осының өзінен-ақ жастұлпарлықтардың тәуелсіздікке талпынысы Шығыс пен Батысты жалғастырғанын атап өтті. Профессор Қ.Ахметов «Жас тұлпар» қозғалысы ұлт зиялыларының ұлы идеясы ағартушылық жұмысын жүргізгеніне мысалдар келтірді. Мемлекет тарихы институтының директоры Б.Аяған ұлт тәуелсіздігі жолындағы күрестер туралы ой өрбітсе, Қ.Байбек бүгінгі қазақ тілінің мәселесіне, әсіресе, аралас мектептердің жайына тоқталды.

Халықаралық конференция соңында Әміржан Әлпейісовтің «Жас тұлпар» дүбірі» атты кітабының тұсаукесер рәсімі болды. Бұл кітап­та қазақ жұртының өткен ғасырдағы алапатта­рда көрген азабы, тартқан тозағы нақты дәйектермен беріліпті. «Жас тұлпардың» арғы жағында алаштықтардың жатқанын, Алаш идея­сы – қазақ идеясы екенін, ол рух бергенін әдемі көрсеткен. Кітап авторы өзінің осы тақырыпқа қалай келгенін жан-жақты баяндады. Көп дерек құжаттармен беріліп отырған. Мәскеуде білім алған он мыңға жуық жастардың шетінен талантымен өзгелерді мойындатқанын, әлі де мойындатып отырғанын, жастұлпарлықтар тек әдебиетшілер ғана емес, алуан түрлі мамандық иелері екенін, сол кездегі КГБ-ның құжаттарынан мысал келтіре отырып алға тартады.

Сүлеймен МӘМЕТ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар