• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 18 Қаңтар, 2021

Алматы ХҚО-лары мемлекеттік қызметтерді қашықтан алуға шақырды

158 рет
көрсетілді

Жаңа жыл басталғалы бері Алматы ХҚО-ларына келушілер қатары көбейген. Жыл жаңарып, құжаттарын да осы жылмен қайта рәсімдейтіндердің бәрі ХҚО-ларға ағылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жыл сайын қаңтар айында әлеуметтік сала бойынша қызмет алушылар саны артады. Оның себебі, жыл басында олардың мәліметтері қайта жаңартылады. Азаматтардың көпшілігі жылдық есептерін тапсырады. Жыл сайын қаңтарда рәсімдеумен айналысқасын, көпшілігінің ЭСҚ мерзімі (бір жыл) де осы кезде бітетіні белгілі. Сондықтан ЭСҚ алушылар да топты көбейтіп ХҚО-да жүреді. Түптеп келгенде, ол қызметтерді ХҚО-ға келмей-ақ ЭСҚ-мен (электрондық сандық қолтаңба) үйде отырып алуға болады. ЭСҚ жоқ болса, оны да үйде отырып алуға болады. Сондықтан, азаматтарды өзінің және жақындарының қамы үшін, ХҚО-ларға келмей-ақ алғандары жөн», деп кеңес береді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының PR-менеджері Жаңыл Әпетова.

Ал, ЭСҚ-ны қашықтан қалай алуға болатынын, мына нұсқаулық арқылы жүзеге асырсаңыздар болады.

ЭЦҚ-ны ХҚО-ға бармай-ақ қашықтан қалай алуға болады?

Ол үшін:

* Қолданыстағы жеке куәліктің түпнұсқасы немесе ҚР азаматының паспорты болуы тиіс;* SMS-хабарламаларды алу мүмкіндігі бар телефон;* Компьютеріңізде веб-камера болуы керек;* Компьютерге NCALayer бағдарламасын орнатыңыз.

Порталдың басты бетінде еgov.kz "ЭЦҚ қашықтықтан алу"батырмасын басыңыз. Жүйе компьютерде веб-камераның болуын тексереді. Қалқымалы терезеде "Рұқсат ету" түймесін басыңыз.

Мобильді азаматтар базасында (МАБ) телефон нөміріңіздің тіркелуін тексеру үшін ЖСН көрсетіңіз. Тексеру сәтті өткен жағдайда 1414 нөмірінен келген SMS-кодты (бір реттік құпиясөз) енгізіңіз;

Назар аударыңыз! Егер сіз бұрын МАБ-та тіркелмеген болсаңыз немесе бір реттік парольді алмаған болсаңыз, жүйе Сізді және телефон нөміріңізді тіркеуді/қайта тіркеуді ұсынады.

МАБ-та сәтті тіркелгеннен кейін жүйе компьютерде NCALayer бағдарламасының болуын тексереді;

"ЭЦҚ алуға өту" батырмасын басыңыз және қашықтықтан сәйкестендіру беті ашылады, онда МАБ-та тіркелген телефон нөмірін және SMS-кодты енгізу қажет. Енгізгеннен кейін жеке басын растап, (Digital ID жасау),"Бастау" батырмасын басу қажет»;

Сізге селфи суретін қосу терезесі ашылады. Бет-әлпетіңізді ортадағы шеңберге "орналастырып", фото белгісіне басыңыз. Селфи қосқаннан кейін бейне сәйкестендіруді өту үшін "Жалғастыру" түймесін басыңыз;

Әрі қарай сізге бейнесәйкестендіру терезесі ашылады, онда "Бастау" түймесін басу керек. Бейнесәйкестендіру сәтті өткеннен кейін аккаунтқа әрі қарай кіру үшін PIN-кодты ойлап тауып, "PIN-кодты орнату" батырмасын басу қажет»;

Жеке куәліктің фотосуретін жасап, қосыңыз немесе файлды жүктеңіз және құпиясөз арқылы жеке кабинетке кіріңіз;

Электрондық мекенжайды өтініштің электрондық нұсқасына қосыңыз және кілтті сақтау орнын таңдаңыз, содан кейін оның орналасқан жерін көрсете отырып, өтінім жіберіңіз;

Бұдан әрі ЭЦҚ сақтау үшін кілттер қоймасына жолды көрсетіңіз (папканы таңдаңыз) және " Ашу " батырмасын басыңыз».

ЭЦҚ-да құпиясөз ойлап табыңыз және енгізіңіз және "сертификаттарды Жүктеу" батырмасын басыңыз.