Бүгін Петропавлда таңғы сағат 8.00 шамасында «Toyota RAF4» автомашинасының жүргізушісі, 53 жастағы әйел М.Жұмабаев көшесінде жолдың белгіленбеген жерінен өтіп бара жатқан облыс орталығының 32 жасар тұрғынын соғып кетті. Нәтижесінде жаяу жүргінші қарсы бағытта келе жатқан «ГАЗ 3302» автомашинасы доңғалағының астына түскен.
Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде алған жарақаты салдарынан ер адам есін жимастан көз жұмды. Бұл факт ҚК 3-бөлігі 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.