• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Қаңтар, 2021

Қоқыс шығару ақысы арзандады

200 рет
көрсетілді

Кеншілер шаһарының Павлодар облысында алғаш­қылардың бірі болып соңғы үлгідегі түрлі-түсті 1 мың 300 еуроконтейнер орнатуы осы сөзімізге дәлел бола алады. Алдағы уақытта қалаға тағы 1 мың контейнер сатып алынбақ.

«Екібастұзкоммунсервис» ЖШС директоры Жанна Борамбайқызының айтуынша, еуроконтейнерлер айына екі рет полигонда жуылып, өңдеуден өткізіліп отырады. Аталған жаңа­шыл­дықтың нәтижесінде көп қабатты үйлердің дәліздеріндегі қоқыс құ­бырлары жабылды. Осылайша, қолқаны қабатын күлімсі иіс те кетті.

Қала тазалығына жауап беретін «Екібастұзкоммунсервис» ЖШС еңбеккерлері қайырымдылық шараларынан да шет қалған емес. 2017 жылдан бастап кәсіпорын басшылығы І топ-т­а­ғы мүгедектерге, қаланың Құрметті азаматтарына жеңіл­дік жасап, оларды қоқыс төлемінен босатқан еді. Биыл Жаңа жыл мерекесі қарсаңында барша тұрғындар үшін коммуналдық төлемнің ақысын 10 пайызға азайтты.

Бұдан бөлек, жақында Екібастұз қаласындағы «Үміт» балалар үйінің 46 баласына және Шідерті кентіндегі аз қамтылған отбасылардың 50 баласына жаңажылдық тәттілерді үлестірді. Сондай-ақ кәсіпорын әр жұмыскердің жалақысына қосымша 50 мың теңге сыйақы берген.

 

Дария ЕРҒАЗИНА,

журналист

 

Павлодар облысы,

Екібастұз қаласы