Болгар ұлттық радиосы (BNR) әйелдің COVID-19-ға қарсы антиденелері бар баланы дүниеге әкелгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz
Пазарджик қаласының 28 жастағы тұрғыны жүктілік кезінде жоғары дене қызуымен және қатты жөтелмен ауруханаға түскен. Ол арнайы сынама өткізгеннен кейін, одан коронавирус инфекциясы анықталды.
Дәрігерлердің шешімімен әйелге кесіртілігі жасалды. Өйткені, вирус плацентадағы өзгерістерді тудырып, баланың әрі қарай дамуын бәсеңдеткен. Сәтті операциядан кейін салмағы 2,75 келі және бойы 46 сантиметр болатын шақалақ өмірге келді.
Жаңа туған нәрестеге COVID-19 антиденелерінің бар-жоғын анықтайтын тест жасалды. Бүгінде баланың денсаулығы жақсы, олар оны анасымен бірге ауруханадан шығаруды жоспарлап отыр.
Бұған дейін РФ Приморск өлкесіне қарасты денсаулық сақтау министрлігінің жұқпалы аурулар жөніндегі штаттан тыс бас маманы Анна Симакова коронавирусты жұқтырудың тікелей жолы – анадан балаға дейін әлі дәлелденбегенін айтып өтті. А.Симакова ананың денесіндегі антиденелер әрдайым туылған кезде балаға берілетінін, олар бір жылға дейін антиденеге айналатынын атап өтті.