• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 19 Қаңтар, 2021

Ұшуға қорыққан ер адам Чикаго әуежайында 3 ай өмір сүрген

419 рет
көрсетілді

Лос-Анджелестің тұрғыны Чикаго әуежайында 3 ай тұрақтаған. Ол коронавирус пандемиясына байланысты үйіне ұшуға қорқып, әуежайда қалып қойған, деп жазады Egemen.kz Chicago Tribune-ге сілтеме жасап.

Сонымен, соттың ақпараты бойынша, ер адамның есімі - Адитя Сингх. Ол 36 жаста, әрі жұмыссыз. Оның Чикагоға өткен жылдың 17 қазанында ұшып келгені белгілі. Ол келгеннен кейін O'Hare халықаралық әуежайының қауіпсіздік аймағында 3 ай тұрған. Бір қызығы, әуе айлағының қызметкерлері мұндай уақытта бейтаныс адамды байқамағандарын айтады. 

Адитя Сингх O'Hare халықаралық әуежайының қауіпсіз аймағында үш ай бойына жасырынған. (Дерек Чикаго полиция департаментінен)

Алайда, 16 қаңтар күні медициналық маска киген ер адам United Airlines қызметкерлеріне келіп, өзі ұсынған құжатқа назар аударуын сұрайды. Оның қолындағы құжат әуежай қызметкерінің төсбелгісі болатын. Бұл белгішені 2020 жылдың 26 ​​қазанында әуежай қызметкерлерінің бірі жоғалтып алған.

Мұның бәрі күзетшілерді шақырумен аяқталды. Олар қорғалатын аумаққа заңсыз кіріп, ұрлық жасағаны үшін ер адамды ұстады. Анықтай келе ұсталған ер адам бұрын ешқашан заң бұзбаған болып шықты. 

Жауап алу кезінде ол төсбелгіні әуежайдан тауып алғанын айтқан. Оның сөзінше, Лос-Анджелестегі үйіне  пандемиядан қорыққандықтан қайта алмай жүр.

Адитя Сингхке нақты қандай шара қолданылатыны әзірге белгісіз.