Нұр-Сұлтанда ер адам әйелін өлтіріп, кейін өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға 16 қаңтарда елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Редакция жолдаған сауалға полиция қызметкерлері туыстар арасында жанжал туындағанын хабарлап, жауап берді.
«Әйелі пышақ жарақатынан бірден өлім құшқан. Кейін оның әпкесіне шабуылдап, пышақ тақаған», деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Марқұмның әпкесі пәтерден қашып шығып, көршілерін көмекке шақырған. Айғай-шуды естіген көршілері полиция қызметкерлеріне хабар берген.
«Пәтер есігін ішінен жауып алған. Келген полиция жасағы есікті бұзып кірді. Пәтерден 46 жастағы әйел мен оның күйеуі өлі табылды. Күйеуі өзін пышақтап тастаған. Оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадасы ер адамның өлгенін тіркеді», делінген ПБ хабарламасында.
Құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр.