• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Қаңтар, 2021

Петропавлда полицеймен төбелескен жігіттердің әрекеті видеоға түсіп қалды

537 рет
көрсетілді

Петропавлда жатақханада орналастырылған бақылау камерасына екі жігіт пен полицейдің төбелесі түсіп қалған, деп хабарлайды Egemen.kz

Видеода жергілікті тұрғындардың шақыруымен келген патруль полицейі келгеннен кейін оқиға қалай өрбігені көрсетілген. Ескі Жаңа жылды қатты шулап қарсы алған екі жігіт полицей келген кездің өзінде тынышталмай, керісінше ашулана бастаған. Нәтижесінде жігіттердің бірі терезенің сынығымен өзін жарақаттаған.  Полицейлер өздерін сабырлы ұстаған. 

Қазір екі жігіт те ұсталды. 18 жастағы ер адам Петропавл қаласының Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бүгінде ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.