Атырау облысындағы Теңіз кенішінде бір тәулікте 72 жұмысшының коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен тәулікте 78 адамнан қауіпті індет анықталып отыр. Науқастардың арасында Теңіз кенішінің 72 жұмысшысы бар. Сондай-ақ Атырау қаласында – 1, Жылыой ауданында 5 науқастан коронавирус табылған. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 135 адам емделіп шықты.
«Соңғы мәліметке сәйкес, қазір 248 адам үй жағдайында емделіп жатыр. Облыстық инфекциялық стационарға 97, аудандардағы стационарларға 34, Теңіз кенішіндегі стационарға 732 адам ем қабылдауға жатқызылды», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.