• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Білім 19 Қаңтар, 2021

Қазақстандық оқушылар халықаралық Жәутіков олимпиадасында 90 медаль жеңіп алды

220 рет
көрсетілді

8-13 қаңтар аралығында Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде мамандандырылған білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған математика, физика және информатика пәндерінен XVII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы онлайн форматта өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Олимпиадаға Австралия, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Болгария, Грузия, Дания, Үндістан, Индонезия, Иран, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Румыния, Сербия, Тәжікстан, Түркіменстан, Түркия, Өзбекстан және Украина елдерінен 146 команда құрамында мыңнан астам оқушы қатысты.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша қазақстандық оқушылар 90 медаль жеңіп алды. Оның 13-і алтын, 37-сі күміс және 40 қола медаль. Олимпиаданың нәтижесі бойынша 500 қатысушы жүлдегер атанды.