• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 19 Қаңтар, 2021

Түркия компанияларға Twitter-де жарнама беруге тыйым салды

263 рет
көрсетілді

Түркияның жергілікті Resmi Gazete мәлім еткендей, отандық компанияларға Twitter-де жарнама беруге тыйым салынған және заңға сәйкес олардың қаулыға бағынуы міндеттелген, деп хабарлайды Egemen.kz

Көлік және инфрақұрылым министрінің орынбасары Өмер Фатих Сайян ірі мекемелердің Facebook пен Instagram-ға ақпарат салар алдында тиісті талаптарға бағынуын талап етті. Сонымен қатар ол әлеуметтік желілерді реттеу туралы заңға сәйкес өкілдіктер ашуды жоспарларып отырғанын ашық айтты.

Ел билігі өткен жылдың қараша айында компаниялардың Facebook, Instagram, Twitter, YouTube, Periscope және TikTok әлеуметтік желілеріне өкілдіктер туралы ақпаратты уақытында ұсынбағаны үшін 10 миллион түрік лирасына (шамамен 1,2 миллион доллар) айыппұл салды.

Түркия үкіметі қорлайтын және жала деп санайтын хабарламалар сот шешімінсіз 48 сағат ішінде жойылуы керектігін еске салды.

Егер контентті жою және әлеуметтік желі өкілдерін тағайындау бойынша белгіленген талаптар орындалмаған жағдайда, ірі айыппұлдар салынады. Осы тарапта трафиктің айтарлықтай қысқаруы да көзделген. Сол себепті заң өкілдері компаниялардан Түркиядағы пайдаланушылардың барлық деректерін сақтауды талап етіп отыр.