Теннистен Дэвис кубогын ұйымдастырушылар биылғы жылы жарыстың форматын өзгертуді құп көріп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Атап айтсақ, айтулы доданың шешуші бәсекелері биыл 11 күнге созылады. Яғни, 25 қарашада басталып, 5 желтоқсанда өз мәресіне жетеді. Жарыс үш қалады өтеді. Финалдық сайыс Мадридте ұйымдастырылады. Ал 2022 жылдан бастап, қатысушылар саны 18-ден 16-ға дейін азаяды.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылғы Дэвис кубогында мына командалар өнер көрсетеді:
А тобы: Испания, Ресей, Эквадор;
В тобы: Канада, Қазақстан, Швеция;
С тобы: Франция, Ұлыбритания, Чехия;
D тобы: Хорватия, Аустралия, Мажарстан;
Е тобы: АҚШ, Италия, Колумбия;
F тобы: Сербия, Германия, Аустрия.