• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Пікір 20 Қаңтар, 2021

Жастарға үміт сыйлады

261 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясына қатысты. Отырыста еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму барысын қорытындылап, осы күнге дейінгі атқарылған іс-әрекетке баға берді.

Мемлекет басшысы жаңа құ­рам­дағы Мәжілістің алдында тұр­ған нақты міндеттерді айқындап өтті. Сонымен қатар биыл іске аса­тын реформалар жайы да сөз бол­ды. Оның ішінде қазіргі таңдағы мем­лекеттік басқару жүйесінің стра­тегиялық жоспарлау бағыты бар, соның негізінде  әртүрлі заңнамалық, әлеуметтік кодекс, жастар мәселесі, басқа да маңызды бағыттар жарияланды.  

Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті органдардың жұмысы жастар сая­сатын жүзеге асыруға қатысты баға­ланатыны туралы атап өтті. Келе­шекте елдің экономикасы жастардың қо­лында болады. Бұл мемлекеттің дамуына, сонымен қатар маңызды деген салалардың сапасына әсер етеді. Сондықтан да менің ойымша осын­дай маңызды бағыттарды Пар­ламент тиісті деңгейде жүзеге асырса, мемлекеттің дамуына, жалпы Үкімет жұмысының тиімді жүзеге асырылуына сеп болар еді. Үкімет пен Мәжілістің жаңа құрамы қазіргі пандемия салдарынан құлдыраған экономиканың ұзақ мерзімді өсімін қамтамасыз етуге және халықтың әл-ауқатын жақсартуға баса көңіл бөледі деп сенемін.

Мемлекет бас­шысы Пар­ла­мент­­тің, әсіресе де­путат­тар­дың рөлі мен олардың жұмыс бағыты ту­ралы нақты айтты. Өйткені қазіргі таң­да Парламенттің мақсаты –қоғамды толғандыратын мәсе­ле­лерді Үкіметке жеткізу, заңның сапасы, олардың жүзеге асырылуын қадағалау. Пре­зиденттің жастар мәселесі бойынша жастардың даму индексін енгізу, жастарға барлық жағдайдың жасалуы жайындағы ұсынысы қуантты.

Жаңа сайланған Қазақстан Рес­публикасы Парламенті Мәжілісіне ал­ғашқы отырыста жаңаша жобалар мен тиімді бастамалардан тұратын биік мақсаттар мен нақты міндеттер қойылды деуге болады. Біз сияқты жас­тарға жаңа бағыт, жаңа тыныстың ашылуы, мемлекетке өзгеше көз­қарастағы тұлғалардың келуі үлкен үміт сыйлайды. Жастарға көңіл бөлу, ең алдымен олардың жаңа идеяларын қолдап, жұмыссыздықтың алдын алудан басталады.  

 

Аян САКОШЕВ,

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры