• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Қаңтар, 2021

Шетелден жұқтырып келушілер де бар

203 рет
көрсетілді

Алматыда қандай жағдайда карантин күшеюі мүмкін? Мәселен, мегаполис әкімі желтоқсан айында эпидемиялық ахуал бойынша Алматы жасыл аймақта тұрғанын айта келе: «Егер тәртіп пен талапқа бағынбай, бетпердесіз жүрсек, арақашықтық сақтамасақ, күніне індет жұқтырғандар саны 100-150 адамға жетсе, онда қатаң шаралар қабылдауға тура келеді» деген еді. Өкінішке қарай індетті сырттан әкелу жағдайларын тіркеу фактілері жалғасып жатыр.

Сонымен жаңа жылдың ар жақ, бер жағындағы қыдырыс­тар көп ұзамай-ақ «нәтижесін» бере бастады десек те болады. Эпидемиялық ахуал күрделене келе, 15 қаңтарда Алматыда 131 адамның індет жұқтырғаны анық­талды. Одан кейінгі күндерде індет жұқтыру саябыр тапқандай көрінгінемін, жағдай мәз емес.

Әлемде де эпидемиялық жағдай ушыға түсуде. Бірқатар ел індеттің өршуіне жол бермеу үшін қосымша шаралар енгізуге мәжбүр болып отыр. Мысалы, Оңтүстік Корея үкіметі әлеуметтік алыстау деңгейін тағы екі аптаға ұзарт­ты. 15 ақпанға дейін азамат­тар­ға COVID-19 таралуының жалғасуына байланысты шетелге сапарларды болдырмау немесе кейінге қалдыруды ұсынады. Жексенбіде Аустрия үкіметі ұлттық карантинді 7 ақпанға дейін ұзартатынын жариялады. Ұлыбритания 18 қаңтардан 15 ақпанға дейін коронавирустың жаңа штаммдарының әкелінуіне жол бермеу үшін барлық туристік дәлізді жабуда.

Алматыға оралатын болсақ, бү­гінге дейін қалада коронави­рус инфекциясының 20 523 оқи­ғасы тіркелсе, оның 12 843-і симптомды және 7680-і сим­п­том­­сыз. Соңғы мәліметтерге сәй­кес, 18 қаңтарда 79 адамның ін­дет жұқтырғаны тіркелді. Оның ішінде 59 жағдай симптом­ды, 20 жағдай симптомсыз. Алматыда коронавирус инфекциясынан айық­қандар саны – 18 484. Жал­пы, инфекцияның күнделікті өсуі 0,3%-ды құрайды. Вирустың реп­родуктивтік көрсеткіші Алматы қаласында 0,991 (республика бо­йын­ша – 1,1) құрап отыр.

Қазір қаланың инфекциялық стационарларында 763 пациент бар, оның ішінде 16 адамның жағдайы өте ауыр, 141 науқастың жағдайы нашар, 604 адамның жағдайы орташа, 2 пациент жеңіл. Қала әкімі Бақытжан Сағын­таевтың тапсырмасымен екінші толқынға дайындық аясында қала бойынша төсек қуаты 7 011 төсектік 23 ковидті ста­цио­нар (оның ішінде 250 реани­мациялық) дайындалған. Емханаларды ме­ди­циналық жаб­дықтармен жаңар­ту және жете жарақтандыру жүр­­гізілді. Екі жаңа емхананың құ­ры­­лысы аяқталды. Бұлар – 500 төсек­тік орынға арналған инфек­ция­лық госпиталь мен 300 төсектік орын­ға арналған модульдік стационар. Осылайша, соңғы үш айда ин­фек­циялық кереует саны екі есеге артты.

Сонымен қатар, алғаш­қы ме­ди­циналық-санитарлық көмек ұйым­дарының жұмысы күшей­тілді. 73 емханада 298 мобиль­ді бригада жұмыс істейді. Меди­ци­на қызметкерлерінің қауіп­сіз­дігі мен дайындығына ерекше назар аударылды. Жеке қор­ға­­ныш құ­ралд­арының қоры құрыл­ды. Эпи­­демияға қарсы іс-шара­ларға тар­­тылған медицина қызмет­кер­лері­нен басқа 2 450 маманнан тұратын кадрлық резерв дайындалды.

Тәулігіне 14 600 зерттеу жүр­гізетін 23 ПТР зертханасы жұмыс істей­­ді, болашақта 22 700 зерттеу­ге дейін ұлғайту мүмкіндігі бар. Пан­де­мия басталғаннан бері Алмат­ы аумағында орналасқан зерт­­ха­наларда барлығы 826 мың ПТР зерт­­теу жүргізілді. Сондай-ақ тәу­лігіне 3 056 зерттеу өткізу қуа­ты бар 12 ИФТ зертхана жұмыс істейді.

Өкінішке қарай індетті сырттан әкелу жағдайларын тіркеу фактілері жалғасуда. 2020 жылғы 6 қазаннан бастап осы жылдың 18 қаңтарына дейін Алматы халықаралық әуежайына бортында 109 724 жолаушысы бар 773 рейс келген. Оның ішінде, COVID-19-ға теріс нәтижесі бар анықтамалармен – 97 430, анықтамасыз – 12 294, оның ішінде ПТР талдауды тапсырғаннан кейін арнайы карантиндік стационарда 79 оң нәтиже алынды (Түркия – 30 жағдай, БАӘ – 18, Мысыр – 23, Беларусь – 5, Украина – 1, Мальдив – 2 жағдай). Қаланың халықаралық әуежайында сани­тарлық-эпидемиялық бақы­лауды күшейту шаралары жалға­сын тауып отыр. Сондай-ақ анық­таманың жоқтығынан 31 шетел азаматы кері қайтарылды. Қала әуежайында санитарлық-эпи­демиялық бақылауды күшейту бойынша шаралар жалғасуда.

 

АЛМАТЫ