• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Қаңтар, 2021

Елімізде ет бағасы қымбаттады

1331 рет
көрсетілді

Energyprom-ның зерттеуіне сәйкес елімізде бір жыл ішінде еттің бағасы қымбаттады, деп хабарлайды Egemen.kz

2020 жылдың үшінші тоқсанында әрбір қазақстандық орта есеппен 21,3 келі ет және ет өнімдерін тұтынған. Бұл 2020 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 1 келі және 2019 жылдың үшінші тоқсанымен салыстырғанда 1,4 келі артық.

Айта кетсек, ет тұтыну көрсеткіші еліміздің барлық өңірлерінде артты. Оның ішінде ет және ет өнімдерін тұтынатындар қатарында Қарағанды облысы тұрғындары, онда әр тұрғын орта есеппен 26,8 келі ет жейді екен, одан кейін Ақмола облысының (25,4 кг) және Алматының (25,2 келі) тұрғындарын атап өтсек болады.

Ет тұтынудың өсуімен елде ет бағалары да айтарлықтай өсті. Бір жыл ішінде ең көп мөлшерде қой еті қымбаттады: бірден 16,2%-ға, келі үшін 1990,3 теңгеге дейін, ал жылқы етінің бағасы 11,9%-ға, өсті, яғни бір келіге 2271,8 теңгеге қымбаттаған. Қазақстандықтар арасында көп алынатын сиыр етінің бағасы да 8%-ға, яғни бір келі үшін 1947,4 теңгеге дейін өскен.

 

Айтолқын МЫРЗАКАРИМ