• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Қаңтар, 2021

Дубайдан ұшып келген жолаушыдан коронавирус табылды

164 рет
көрсетілді

2021 жылдың 19 қаңтарында халықаралық әуе рейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz

2021 жылғы 19 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Корея, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 13 халықаралық әуе рейсі ұшып келді.

1 915 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 713 адам, анықтамасыз 202 ҚР азаматы болды.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 479 жолаушы, анықтамамен - 1 319, анықтамасыз - 160; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 199 жолаушы, анықтамамен - 198; анықтамасыз - 1; Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, 237 жолаушы, анықтамамен - 196; анықтамасыз - 41. ПТР анықтамасы болмаған Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтіп отыр. 2021 жылдың 18 қаңтарында анықтамасыз келген 132 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Дубай – Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирус инфекциясы табылды.