• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Қаңтар, 2021

Ақтауда 30 жылдан бері алғаш рет төртем дүниеге келді

685 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығының баспасөз қызметі Ақтау қаласындағы Ана мен бала орталығының ұжымы төртем мен оның анасын салтанатты түрде үйіне шығарып салғанын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақтау қаласының тұрғыны Самира Гасанова 2020 жылдың 15 желтоқсанында босанған еді. Жүктілік кезеңі ауыр болғандықтан дәрігерлер әйелді жүктіліктің 30-шы аптасында операция жасап, босандырып алған. 25 жастағы әйел 1 ұл мен 3 қызды дүниеге әкелді. Сәбилер – отбасының тұңғыштары екен.

«Қуанышымды жасыра алмай тұрмын. Ата-анамыздың төбесі көкке жеткендей болды. Балаларымның аман-есен жарық дүниеге келуіне себепші болған дәрігерлерге отбасымның атынан алғысымды айтамын», дейді Самира Гасанова.

Дәрігерлердің айтуынша, төртемдердің бірі – 1 келі 390 гр болса, ең кішісінің салмағы – 1 келі 190 гр. Шақалақтар күш жинағанша 36 күн бойы перинаталдық орталық дәрігерлерінің жіті бақылауында болған.

Ата-анасы нәрестелерді Расул, Фанара, Айла және Нарин деп атады.

Маңғыстау облыстық Ана перинаталдық орталығының дәрігер неанотологы Тойдық Жұмағамбетова: «Былтыр біздің орталықта 8610 бала жарық дүние есігін ашты. Оның ішінде 2 үшем мен 147 егіз бала дүниеге келген», деді ол.

Маңғыстау облысы бала туу көрсеткішінен республика бойынша соңғы 3 жыл бойы көш басында келеді. Былтыр аймақта 21753 сәби дүние есігін ашқан.