• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Қаңтар, 2021

Шымкентте карантин талаптарын елемеген кәсіпкерлік нысан анықталды

137 рет
көрсетілді

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері мобильді топпен бірлесіп Кәсіпкерлік объектілерінде карантин режимінің сақталуын бақылау бойынша тұрақты негізде рейдтік іс-шаралар өткізеді. Кезекті рейд барысында полицейлер Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысының талаптарын сақтамай жұмыс істеген Қазыбек би көшесінде орналасқан “FC” комьютерлік клубын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған жайт бойынша жинақталған іс-құжаттар карантин режимін сақтамағаны үшін құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша заңды шара қабылдау үшін Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.