28 қаңтарда футзалдан Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы матчта Израиль мен Қазақстан құрамалары күш сынасады. Бұл кездесу Ришон-ле-Цион қаласында өтеді.
Бас бапкер Рикардо Кака маңызды матч қарсаңындағы соңғы даярлық жұмыстарын Алматыда пысықтауды жөн көріп, мына футзалшыларға сенім артып отыр: Қақпашылар – Игита («Қайрат») мен Нұрәлем Байдулла («Нұр-Сұлтан»). Қапталдағы ойыншылар – Дәурен Нұрғожин, Шыңғыс Есенаманов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Альберт Акбаликов, Дуглас Жуниор («Қайрат»), Азат Валиуллин («Аят»), Қайрат Иманалин («Ақтөбе»), Тайнан («Спортинг», Португалия), Лео («Норильский Никель», Ресей), Болат Сарбасов («Атырау») және Төрехан Досов («Байтерек»).
Өзінің келесі кездесуін жерлестеріміз 2 наурызда Алматыда Беларусь құрамасына қарсы өткізеді. Одан кейін ойындардың кестесі мынадай: 8 наурыз – Беларусь пен Қазақстан, 6 сәуір – Мажарстан мен Қазақстан және 13 сәуір – Қазақстан мен Израиль.