• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Қаңтар, 2021

Ақ самайлы Алматы (300 мыңдай зейнеткер Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының қарауында)

253 рет
көрсетілді

Әлемге жайылған пандемия кезінде жасы ұлғайған жандар­дың денсаулығы баршамызды алаңдатқаны рас. Сондықтан да Алматы әкімдігі әлеуметтік жобаларды іске асыру аясында «Белсенді ұзақ өмір» жол картасы бойынша жұмысын жал­­ғастыру үстінде. Мақсаты – аға ұрпақты белсенді зият­кер­­лік, шығармашылық, қоғамдық қызметке тарту арқылы қарт адамдардың өмірін ұзартып, қоғамдағы рөлін арттыру.

Алматыда Белсенді ұзақ өмір сүруге септесетін 9 орта­лық­­қа 21 мыңнан астам адам тір­кел­ген, 300,7 мың ардагер оның қызметтерімен қамтылған.

Былтыр төтенше жағ­дай жария­лануына байла­ныс­ты Белсенді ұзақ өмір сүру ор­­­та­­лықтарына қашықтан қыз­­­мет көрсетуге тура келді. Ге­риа­тор, психолог, медбике ке­ңес­тері онлайн немесе те­ле­­фон арқылы жүргізілді. Скан­­ди­навиялық жүріс, оқыту курс­тары, шахмат, би сияқты ағзаны шың­дайтын сабақтар онлайн өткізілді. Барлығы 4 706 зейнеткер онлайн қызмет алды. Қарттар күні мен айлығына арналған іс-шараларға 1,5 мың адам қатысты. Сонымен қатар 200 зейнеткер үшін экскурсиялар өткізілді.

Бұдан басқа Алматы қаласы­ның әкімі Бақытжан Сағын­таевтың тапсыр­масымен «Шың­ға өрлеу» әлеу­меттік клубы жо­басын іске асы­ру басталды. Мақсаты – кіші мек­теп жа­сын­дағы балаларға өмір­лік тәжірибе, білім мен дағ­ды­лар­ды беру арқылы қиын өмір­лік жағдайға тап болған аға буын өкілдерін қоғамдық өмір­ге тарту. Клубтың өкілдері зей­нет­керлер, еңбекке қабілетті мүге­дек адамдар, аз қамтылған көп балалы отбасылардан шық­қан 1-4 сынып балалары, ерекше қажеттіліктері бар балалар бол­ды. Онлайн режімінде аз қам­­тылған отбасылардан шық­қан 510 бала клубтармен қам­тылды. Офлайн режімінде 390 бала оқиды. Зейнеткерлер мен мү­ге­дектігі бар адамдардан 72 пе­да­гог жұмысқа орналастырылды.

Алматыда іске асырылып жатқан әлеуметтік жобалардың бірі – «Тәуелсіз өмір мектебі». Онда өз мүмкіндіктерін білмеу немесе отбасы тарапынан жаса­ла­тын гиперқамқорлық сал­дары­нан қоғамнан оқшау қалған мүгедек жандарды қол­дау шаралары көрсетіледі. Атап айт­қанда, мүгедектікке байла­ныс­ты қорқыныш пен белгі­сіз­­дікті жеңу, өзін өзі баға­лау­ды арт­тыру және мақ­сат қою дағ­­дыларын қалып­тас­тыру және өз өмірін жос­пар­лау жұ­мыс­­тары жүргізі­ліп отыр. 48 мүгедек адам жаттық­тырушылар­дың қатысуымен «Ақ Бастау» сауықтыру пансио­на­тына орналастырылып, 7 күн­дік курста оқыды. Сондай-ақ 172 адамды қамтитын «Ten Qoǵam» мүмкіндігі шектеулі адам­­дар­ды жұмысқа орналас­тыру ор­талығы» жобасы іске асы­ры­луда. Бұл бастама да мүм­кіндігі шектеулі жандар­дың біліктілік алып, жұмысқа орна­ласуына көмек көрсетуді көздейді.

 

АЛМАТЫ