• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 21 Қаңтар, 2021

Қазақстандықтардың шетелден ақша алуы күрт азайған

1133 рет
көрсетілді

Ranking.kz-тің мәліметінше, 2020 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында ақша аударымдары жүйесі көмегімен қазақстандықтардың шетелден алған қаражат көлемі 18,5 пайызға қысқарып, 258,4 млрд теңгені құраған, деп хабарлайды Egemen.kz

Осылайша, шетелден қаржы аударымын жасау жүйесін пайдаланушы қазақстандықтар саны екінші жыл қатарынан азайған. Биыл қаңтар-қарашада ең көп қаржы аударымдары Ресейден келген: 67,9 млрд теңге. Соның өзі 2019 жылдың қаңтар-қарашасымен салыстырғанда 43,7 пайызға аз. Қазақстан аударымдарындағы Ресейдің үлесі бір жыл ішінде 38,1 пайыздан 26,3 пайызға азайып кеткен. Екінші орында Оңтүстік Корея тұр. Аталған елден Қазақстанға биыл 47,1 млрд теңге аударылыпты. Аударым көлемі 21,7 пайызға қысқарған. Ал Өзбекстан мен Қырғызстаннан елімізге аударылған қаржы көлемі керісінше, 16,3 және 12,3 пайызға артқан.

Ақша аударымдары жүйесінің арасында әдеттегідей «Золотая Корона» көш бастайды. Бұл жүйе арқылы 125,5 млрд теңге жіберілген. Бұл сома барлық аударымдар көлемінің тең жартысын құрайды. Одан кейінгі орындарда Western Union (61,7 млрд тг) және MoneyGram (31,1 млрд тг) жүйелері орналасқан.

Еске салайық, «Золотая Коронаның» әлемнің 34 елінде 50 мыңнан астам қызмет көрсету бөлімшесі бар. Қаржыны қолма-қол түрде (сервис серіктестерінің бөлімшелерінде, банктерді қоса есептегенде) және онлайн түрде (сайтта арнайы форманы толтыру арқылы) жолдауға болады. Қабылдап алушы азамат операция аяқталған соң санаулы минуттардан кейін қаражатқа қол жеткізе алады. Аз сомаға комиссия алынбайды. Валюта курсын жүйенің өзі анықтайды.