• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Технология 21 Қаңтар, 2021

Атырауда есірткі сайттарына жарнама жасаған кім?

336 рет
көрсетілді

Атырауда полиция қызметкерлері есірткіні насихаттайтын сайттарды жарнамалаған әйел ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырау қаласында белгісіз біреу тұрғын үйлердің қабырғасы мен қақпасына есірткі құралдары мен психотроптық заттардың атауы жазылған сайттар туралы жарнама жапсырыпты.  

«Полиция қызметкерлері осы дерекке байланысты жедел іздестіру іс-шарасын жүргізді. Соның нәтижесінде 33 жастағы әйелдің осы іске күдікті екені анықталды. Қазір бұл азаматша ұсталды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Аталған дерек қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 299-1 бабы, 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.