• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Қаңтар, 2021

«Nur Otan»: Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

573 рет
көрсетілді

Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының активі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Жиынға «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Әйтенов, қалалық мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов, партия филиалы Саяси кеңес бюросы мүшелері, қалалық және аудандық филиал қызметкерлері қатысты.

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Әйтенов қалалық партия активіне жаңадан тағайындалған «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Әлібекқызы Бектаеваны таныстырды.

Сондай-ақ партияның алға қойылған мақсаттар мен міндеттер жайлы айтып, бес жылдық партия бағдарламасының нақты орындалуын тапсырды.