• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Қаңтар, 2021

Талдықорғанда қоғамдық көлік өртенді

320 рет
көрсетілді

Талдықорған қаласында көшенің қақ ортасында қоғамдық көлік отқа оранды. Автобус толықтай жанып кетті. Абырай болғанда зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz

Талдықорған қалалық көлік және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұрбақыт Алтынбеков: «228-ші бағыттағы автобус Назарбаев даңғылының бойында отқа оранды. Алдын ала болжам бойынша, өрт сымдардың қысқа тұйықталуынан болған. Көлік жанып кетті. Зардап шеккендер жоқ», деді ол.

Бөлім басшының айтуынша, автобус «Трансталл» жауапкершілігі шектеулі серіктестікке тиесілі. Қазіргі уақытта қызыл жалынға оранған көлік аталған серіктестіктің аймағына жеткізілген. Өртті төтенше жағдайлар қызметінің мамандары сөндірген.