• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Тағайындау 21 Қаңтар, 2021

Түркістан облысында прокуратура органдарына жаңа басшылар келді

1908 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 19 қантардағы бұйрығы негізінде Сайрам ауданына – Д.Б.Тлемісов, Төлеби ауданына – О.Е.Абдраманов, Ордабасы ауданына – К.Б.Нәрікбаев және Отырар ауданына – Б.Т.Бөлеулиев прокурор болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Дәулет Бекбашұлы Тлемісов – 1982 жылы 27 қыркүйекте Түркістан облысы Түлкібас ауданында туылған. Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген.

Сыныптық шені – әділет кеңесшісі.

Соңғы қызмет орны – Түркістан облысы Төлеби ауданының прокуроры.

Оразалы Ералханұлы Абдраманов – 1972 жылы 5 қарашада Түркістан облысы Сарыағаш ауданында туылған. Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін бітірген.

Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.

Соңғы қызмет орны – Сайрам ауданының прокуроры.

Каукен Бахытбайұлы Нәрікбаев – 1982 жылы 22 шілдеде Шымкент қаласында туылған. Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген.

Сыныптық шені – әділет кеңесшісі.

Соңғы қызмет орны – Отырар ауданының прокуроры.

Бақытхан Төлегенұлы Бөлеулиев – 1976 жылы 5 сәуірде Жамбыл облысы Қордай ауданында туылған. Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген.

Сыныптық шені – әділет кеңесшісі.

Соңғы қызмет орны – Ордабасы ауданының прокуроры.