Беларуссиялық маман Александр Седнев Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін Шымкенттің «Ордабасы» клубының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz
Александр 1973 жылы Могилев қаласында дүниеге келді. 1991-2005 жылдар аралығында өз елінің «Днепр», «Торпедо», «Балтика», «Торпедо-МАЗ», «Белшина», «БАТЭ» және «Нафтан» клубтарында өнер көрсетті. Беларусьтің жастар құрамасы сапында сегіз ойын өткізді.
Амплуасы – қорғаушы. Спорттық карьерасын аяқтағаннан кейін отанында бірқатар командаларды жаттықтырды. Бірер жыл Қазақстанда еңбек етіп, «Ақтөбенің» бас бапкері болды. Соңғы жұмыс орны Брестің «Рух» клубы.