• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Өнер 22 Қаңтар, 2021

Шабыт шақырар өлке

620 рет
көрсетілді

Алматыда дәл осылай деп аталған сурет көр­месі ашыл­ды. Ел тә­уел­сіздігінің 30 жыл­дығына арналған өнер жәрмеңкесіне бел­гілі туындыгер Рашид Құл­­ба­тыровтың және қызы Жансаяның үздік туын­­дылары қойылған. Суретші кенебінде тарихы тереңде жатқан ару Ал­матының өткені мен бү­гіні, қазақ даласының тұмса табиғаты көз арбайды.

Құлбатыров өз шығар­ма­шылығында қала пейзаждарын жан-дүниесімен жырлайды. Оның кенебінде Алматының жаңа даңғылдары мен ескі көшелері кеше мен бүгінді өзара сабақтастырып, табиғат пен адам мінезінің ырғақтарын үндестіре түседі. Қала пейзаждары галереясында Алматыдан басқа Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Ыстанбұл, Рим, Руан сияқты қалалар мен қала маңының және өзі саяхаттап барған жерлерінің көрініс-келбетін суреттейтін пейзаждары да бар. Ақпан айының жетісіне дейін жалғасатын кезекті көрмеден қылқалам иесінің өзі өнерге үкілеп қосқан перзенті Жансаяның да ерекше қолтаңбасын тамашалауға болады. «Almaty Gallery» ор­талығында шымылдығын түр­ген мәдени шара алма­ты­лықтар мен қала қонақтары үшін тегін.

– Рашид Құлбатыров жұ­мыстарын көбінесе пленэрге шығып, табиғат аясында жазғанды жаны сүйеді, себебі бұл – оның шығармашылығына дем беретін қуат көзі. Қала мен оның маңын жазғанда Ра­шид жорамалға жол бер­мейді, яғни далалы жер мен таулы өлкедегі ауылдарды, олардың өмір тіршілігінің ерек­шелігін қоса баяндаған кезде, шығармашылық про­цес­ке толығымен беріліп, ен­дігі жерде қылқаламымен емес, жанымен жаза бастайды. Адам жүрегінің генетикалық жа­ды бар деседі. Көшпенділер ұрпағының бойындағы қан дала адамдарының тыныш әрі емін-еркін өмір ыр­ға­ғын рахаттана баяндай­тын кес­кіндемесінің шығар­ма­шы­лық ойымен бірге жылжи ағады, – дейді өнер­танушы Оксана Танская.

Өнердегі әріптестері оны «табиғат ландшафтары мен қала ансамбльдерінің жыршысы» деп бекер атамаса ке­рек. Қылқаламын аса ше-бер­лікпен жеңіл тартатын оның кенебінен Қазақстан мен Еуропаның үлкенді-кішілі қалаларының панорамаларын, қазақ да­ла­сының шетсіз де шексіз жази­расын, Іле Ала­тауындағы жо­талардың биік шыңдарын, Кас­­пий теңі­зінің әсем көрі­нісін, көш­пен­ділердің дәстүрлі ауыл­да­рының тұр­мыс­тық композицияларын көп­теп кез­дес­тіруге болады. Су­рет­ші­нің кар­ти­налары Канада, Аме­рика, Гер­­­мания, Фран­ция, Түр­кия, Гре­кия және Че­хияда жеке кол­лекцияларда сақ­таулы.

«Көрмеге өнер иесінің Қа­зақ­станның түкпір-түкпірін, кең байтақ жеріміз бен салт-дәс­тү­рімізді көрсететін ту­ын­­­ды­лары қойылды. Тә­уел­сі­здігіміздің мерейлі беле­сіне орай осынау игі бастама жүйе­лі жалғасып, басқа да үздік сурет­шілердің туған жер та­қы­­рыбын асқақтатқан шы­ғар­маларын көпшілік назарына ұсынатын боламыз», дейді қа­лалық Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлиев.

 

АЛМАТЫ