Құрлықтық хоккей лигасындағы (ҚХЛ) кезекті тур ойынын Мәскеуде өткізген Нұр-Сұлтанның «Барысы» жергілікті «Динамодан» басым түсті.
Бұл кездесуде барлық мәселе бірінші кезеңде шешілді. Матчтың 16-минутында Джесси Блэкер есеп ашты. Арада тура үш минут өткеннен кейін дәл сол Блэкер Павел Акользингке керемет пас берді. Ол өз мүмкіндігін қалт жіберген жоқ. Одан кейін қос команданың ойыншылары қанша жанталасқанымен, таблодағы есеп өзгерген жоқ. Осылайша, «Барыс» сыртта 2:0 есебімен жеңіске жетіп, жарыс кестесіндегі жағдайын біраз жақсартты.